Электрондық қызметтерді көрсету туралы жария оферта (ұсыныс)

Осы тіркеу нысанын (жеке кабинет) толтыра отырып, мен www.beksar.kz сайтында орналастырылған «Жария офертаның» шарттарын толық және сөзсіз қабылдайтынымды растаймын, мен өзімнің дербес деректерімді өңдеу тәртібі мен шарттарымен таныстым және келісемін.

«BEKSAR Consulting» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі директоры Сарсембаев Б.А. атынан (бұдан әрі – Орындаушы), осы ұсыныс Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 389-бабының 1-тармағына және 395-бабының 5-тармағына сәйкес кез келген адаммен электрондық қызмет көрсету шарттарын осы офертада белгіленген тәртіппен және шарттармен жасасуға ұсыныс білдіретін Жария оферта болып табылады. Бұл ұсыныс заңнамада елеулі деп танылған немесе beksar.kz интернет-сайтында орналастырылған ЭЕМ-ге арналған бағдарламалық қамтамасыз етуге қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін қажет барлық елеулі шарттарды, сондай-ақ Орындаушының өтініші бойынша келісуге жататын шарттарды қамтиды.
Жария офертаның тараптары болып Орындаушы – Жарғы негізінде әрекет ететін директор Сарсембаев Б.А. атынан «BEKSAR Consulting» ЖШС және Бағдарламалық өнімді пайдалану ережелерін акцептеген Пайдаланушы – жеке немесе заңды тұлға табылады.
Орындаушы ұсынатын ақпарат пен/немесе қызметтерді алуға мүдделі тұлға Жария оферта мен оның қосымшаларымен, соның ішінде дербес деректерді өңдеу шарттарымен толық танысуға міндетті .
Сайттағы тіркеу нысанын пайдалана отырып тіркелу – Пайдаланушының әрекетке қабілетті екенін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 389-бабының 1-тармағына және 395-бабының 5-тармағына сәйкес осы Жария офертаны толық және сөзсіз акцептін қабылдағанын, Сайтта орналастырылған қызметтерді (сервистерді) ұсыну және пайдалану шарттарымен толық келісетінін және өз дербес деректерін өңдеуге келісетінін білдіреді.
Пайдаланушы Жария офертаның ережелері мен шарттарын сақтамаған жағдайда, оның тіркеуі жойылуы немесе Орындаушының Бағдарламалық қамтамасыз етуіне қолжетімділігі уақытша тоқтатылуы мүмкін.
Пайдаланушы қызметтерді пайдалану кезінде, соның ішінде тиісті қызметтер үшін төлем жасау және мұндай пайдалану кезінде интернет желісіне қолжетімділік құнын төлеу бойынша толық жауапкершілік көтереді.


1. ОСЫ ЖАРИЯ ОФЕРТАДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ҰҒЫМДАР МЕН ТЕРМИНДЕР
1.1.Бағдарламалық жасақтама – зияткерлік қызметтін нәтижесі болып табылатын, «Beksar», «ServiceUchet» және «Salonuchet» атты ЭЕМ-ге арналған бағдарламалар (бұдан әрі – БЖ), оларға айрықша құқық «BEKSAR Сonsulting» ЖШС-не тиесілі. Аталған БЖ сауда орындарын, автосервистерді, сұлулық салондарын және т.б. шектелмейтін автоматтандыруға арналған. БЖ-ның функцияларының толық сипаттамасы Орындаушының Сайтында көрсетілген. БЖ Пайдаланушыға бір немесе бірнеше ЭЕМ-де қолдану үшін ұсынылады, бұл кезде Тапсырысты рәсімдеу барысында тиісті Лицензия таңдалып, БЖ-ны орнатуға рұқсат етілетін ЭЕМ саны көрсетіледі.
1.2.Шарт-Оферта – бұл Орындаушының кез келген жауап берген тұлғаға бағыттаған ұсынысы, және ол барлық маңызды шарттарды қамтиды. Бұл ұсыныс заңнамада елеулі деп танылған немесе Қызметтерді көрсету үшін қажет барлық шарттарды, сондай-ақ Орындаушының мәлімдемесіне сәйкес келісу талап етілетін шарттарды қамтиды;
1.3.Акцепт Пайдаланушының Шарт-Офертада көрсетілген әрекеттерді жасауы немесе оған берген жауабы, бұл шарттың талаптарын толық және сөзсіз қабылдағанын білдіреді;
1.4.Сайт– beksar.kz интернет-ресурсы, яғни аппараттық-бағдарламалық кешенде орналастырылған мәтіндік, графикалық, аудиовизуалды немесе өзге нысандағы ақпарат, бұл кешен желіде бірегей мекенжайы және (немесе) домендік атауы бар және Интернет желісінде жұмыс істейді.
1.5.Пайдаланушы – бағдарламалық жасақтама ережелерін белгіленген тәртіппен акцепттеген құқық және әрекет қабілеттігі бар жеке немесе заңды тұлға;
1.6.Тапсырыс – Шарт-Офертаның талаптарына сәйкес рәсімделген Пайдаланушының Қызметтерді көрсетуге берген тапсырмасы;
1.7.Тараптар – Шарт-Оферта бойынша тараптар болып Орындаушы мен Пайдаланушы бірлесіп танылады;
1.8.Жеке деректер – осы Шарт-Офертамен реттелетін, белгілі бір жеке тұлғаға қатысты және электрондық, қағаз және (немесе) өзге де материалдық тасымалдаушыда тіркелген мәліметтер; тікелей немесе жанама түрде белгілі бір немесе анықталатын жеке тұлғаға (жеке деректер субъектісіне) қатысты кез келген ақпарат.
1.9.Жеке деректерді жинау – Жеке деректерді алуға бағытталған әрекеттер;
1.10.Жеке деректерді өңдеу – Жеке деректерді жинау, сақтау, өзгерту, толықтыру, пайдалану, тарату, дараландырудан ажырату, бұғаттау және жоюға бағытталған әрекеттер;
1.11.Үшінші тұлғалар – Орындаушымен қазіргі немесе болашақта Жеке деректерді жинау, өңдеу және қорғау бойынша жағдайлармен немесе құқықтық қатынастармен байланысты тұлғалар.
1.12.Лицензия – Орындаушы тарапынан Сайттағы БЖ-ның дистрибутивін жүктеу сілтемесін беру және Пайдаланушының электрондық поштасына Лицензиялық кілтті жіберу арқылы берілетін, Пайдаланушының БЖ-ны пайдалануға арналған айрықша емес құқығы. Лицензия Пайдаланушы Лицензия құнын төлеген сәттен бастап берілген болып есептеледі.
1.13.Сынақ мерзімі – Пайдаланушы БЖ-ны Лицензия құнын төлемей пайдалана алатын кезең. Сынақ мерзімінің ұзақтығы Пайдаланушының ЭЕМ-не БЖ орнатылған сәттен бастап 14 күнтізбелік күнді құрайды.
1.14.Лицензиялық кілт – Пайдаланушы БЖ-ны белсендіретін және оны ЭЕМ жадына жазуға әрі қарай пайдалануға мүмкіндік беретін активация коды.
1.15.Тариф – Лицензиар белгілейтін және Лицензиардың Сайтында орналастырылатын БЖ-ны пайдаланудың құны. Лицензиат Лицензияларды Жеке кабинетте, Лицензияны сатып алу сәтіндегі қолданыстағы Тарифке сәйкес алады.
1.16.Жеке деректердің құпиялылығы – жеке деректерге қол жеткізген тұлғалардың, Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, деректер субъектісінің келісімінсіз жеке деректерді үшінші тұлғаларға жария етпеу және таратпау міндеті.
1.17.Жеке деректерді өңдеу – автоматтандырылған құралдарды қолдана отырып не онсыз жеке деректермен жасалатын кез келген әрекет (операция) немесе әрекеттер (операциялар) жиынтығы, соның ішінде жинау, жазу, жүйелеу, жинақтау, сақтау, нақтылау (жаңарту, өзгерту), алу, пайдалану, беру (тарату, ұсыну, қол жеткізу), дараландырмау, бұғаттау, жою, жойып жіберу.

2. ОФЕРТА ШАРТЫНЫҢ МӘНІ
2.1. Осы Шарттың мәні – Пайдаланушыға Орындаушы тарапынан ЭЕМ-де пайдалану үшін қарапайым (айрықша емес) лицензия шарттарында БЖ-ға және өзге де ақпараттық материалдарға электрондық түрде қол жеткізуді ұсынумен байланысты қызметтерді көрсету. ЭЕМ саны Пайдаланушы тарапынан Тапсырысты рәсімдеу кезінде ұсынылған нұсқалардан таңдалады.

3. ҚҰҚЫҚТАР МЕН МІНДЕТТЕР
3.1. Пайдаланушының құқықтары:
3.1.1. Пайдаланушы келесі тәсілдермен БЖ-ны пайдалануға құқылы:
3.1.2. БЖ-ны тек Пайдаланушыға тиесілі компьютерлерге немесе компьютер иесінің жазбаша келісімімен орнатуға.
3.1.3. БЖ-ны оның мақсатына сәйкес, Лицензияда көрсетілген пайдалану мерзімі мен орнатуға рұқсат етілген ЭЕМ саны ескеріле отырып жаңғыртуға.
3.1.4. БЖ-ны тек өзінің қызметінде пайдалануға.
3.2. Пайдаланушының міндеттері:
3.2.1. Пайдаланушы БЖ-ны осы Шартта көзделген және Лицензиямен белгіленген шектеулерге сәйкес тәсілдермен ғана пайдалануға міндетті.
3.2.2. Пайдаланушы Орындаушының жаңа Лицензияларды сатып алу тарифтеріне және БЖ пайдалану ережелеріне алдын ала ескертусіз біржақты өзгерістер енгізуін қабылдайды және келіседі.
3.2.3. Орындаушы көрсеткен қызметтерді қабылдауға және ақыны толық көлемде әрі уақтылы төлеуге міндетті.
3.2.4. Орындаушыдан алынған электрондық орындалған жұмыс актілеріне қол қойып, оларды 3 (үш) жұмыс күні ішінде қайтаруға міндетті. Егер 3 (үш) жұмыс күні ішінде электрондық актіге қол қойылмаса, онда ол Пайдаланушы тарапынан қабылданған және қол қойылған деп есептеледі. Құжаттың телекоммуникациялық байланыс арналары арқылы Пайдаланушыға жіберілген күні – бұл құжаттың электрондық нұсқасы Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесі (ЭШФ АЖ) серверіне түскен күні болып есептеледі.
3.2.5. Орындаушының ресми сайтында және әлеуметтік желілеріндегі ресми ресурстарында орналастырылатын Қызмет көрсету шарттары туралы ресми ақпаратпен өз бетінше танысуға міндетті.
3.3. Пайдаланушыға тыйым салынады:
- үшінші тұлғаларға БЖ иелену және пайдалану құқықтарын кез келген жолмен (сату, айырбастау, сыйға тарту және т.б. арқылы) беру;
- БЖ-ны жалға немесе уақытша пайдалануға беру, сублицензиялау шарттарымен ұсыну;
- бастапқы кодты алу, инженерлік талдау немесе декомпиляция жасау, аудару, бөлшектеу немесе БЖ-ның бастапқы кодын анықтауға тырысу;
- осы Шартта белгіленген пайдалану шектеулерін әдейі айналып өтуге мүмкіндік беретін үшінші тарап бағдарламаларымен бірге БЖ-ны пайдалану;
- БЖ-мен бәсекелес болуы мүмкін өнімдер мен қызметтерді әзірлеу немесе басқару мақсатында пайдалану;
- осы Шартпен рұқсат етілмеген тәсілмен БЖ негізінде туынды өнімдер жасау;
- БЖ-ны өзгерту, бейімдеу, модификациялау немесе басқа бағдарламалармен біріктіру; БЖ пайдаланушы интерфейсінің сыртқы көрінісін өзгерту;
- авторлық құқықпен немесе зияткерлік меншікке өзге де құқықтармен қорғалатын материалдарды, құқық иесінен рұқсат алмай, көшіру, тарату, көрсету, жіберу немесе пайдалану үшін қолдану;
- вирустарды немесе басқа зиянды компьютерлік кодтарды, файлдарды, скрипттерді, агенттерді немесе бағдарламаларды жасау, пайдалану, жіберу, сақтау немесе іске қосу, не болмаса Бағдарлмамалық жасақтаманың қауіпсіздігіне, тұтастығына немесе жұмыс істеуіне зиян келтіруге әрекеттену.
3.4. Пайдаланушы әлеуметтік желілерде Орындаушының және/немесе БЖ атауын, тауар белгілерін пайдалана отырып аккаунт жүргізу барысында этикалық талаптарды сақтауға, жасалған Шарттың шарттарының құпиялылығын бұзбауға, БЖ-ға қатысты теріс пікірлер жазбауға не беделіне нұқсан келтіретін әрекеттерге жол бермеуге міндетті. Пайдаланушыға әлеуметтік желілерде Орындаушымен және/немесе БЖ-мен байланыстырылатын аккаунттарда пираттық контентті, жала жабу мен балағат сөздерді, экстремистік сипаттағы материалдарды, билікке, мемлекеттік органдарға не лауазымды тұлғаларға тіл тигізетін мәлімдемелерді, дінге сенушілердің сезімін қорлайтын жазбаларды, есірткіні насихаттайтын материалдарды, құқық иесінің рұқсатынсыз орналастырылған суреттерді, қолданыстағы заңнаманы бұзатын кескіндер мен материалдарды, жалаңаш немесе ашықтан-ашық сипаттағы, діни бағыттағы және т.б. материалдарды жариялауға тыйым салынады.
3.5. Орындаушының талабы бойынша Пайдаланушы жоғарыда 3.4-тармақта аталған, соның ішінде, бірақ онымен шектелмей, мазмұнды алып тастауға немесе терістеу жариялауға міндетті.
3.6. Пайдаланушы БЖ-ны пайдалану арқылы жүзеге асырылатын кәсіпкерлік қызметі үшін дербес жауапты болады және Пайдаланушы көрсететін қызметтер немесе сататын тауарлар Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзбайтынын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында тыйым салынбағанын, Пайдаланушының қызметі терроризм мен экстремизмді қаржыландырумен, жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты еместігін Қазақстан Республикасының «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Заңының талаптарына сәйкес кепілдейді.

4. ШАРТТЫ ОРЫНДАУ ТӘРТІБІ
4.1. БЖ-ны пайдалану құқығына Лицензия алу үшін Пайдаланушы келесі әрекеттерді орындайды:
4.1.1. Орындаушының Сайтында белгіленген тіркеу рәсіміне сәйкес Жеке кабинетті рәсімдейді және тіркеуден кейін Пайдаланушыны сәйкестендіру және БЖ-ны пайдалану мүмкіндігін беру мақсатында бірегей логин мен құпиясөзді орнатады (міндетті емес);
4.1.2. Жеке кабинетте немесе тіркеусіз тапсырысты рәсімдейді, бұл ретте лицензия параметрлерін: БЖ орнатылатын ЭЕМ санын және БЖ пайдалану мерзімін көрсетеді.
4.2. Орындаушы Лицензия үшін Тариф бойынша төлем өз есепшотына түскен сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде Пайдаланушыға БЖ дистрибутивін жүктеуге сілтеме мен Лицензиялық кілт береді.
4.3. Лицензияның қолданылу мерзімі бойы Пайдаланушыға БЖ-ны пайдалану бойынша техникалық қолдау көрсетіледі. Қолдау келесі байланыс арналары арқылы жүзеге асырылады: e-mail: beksar.work@gmail.com және телефон: +7701 098-33-44.
4.4. Пайдаланушы осы Шарт бойынша өз құқықтарын үшінші тұлғаларға беруге құқылы емес.
4.5. Пайдаланушы тіркеу деректерін (логин мен құпиясөз) үшінші тұлғаларға беруге құқылы емес және осы деректердің сақталуын және құпиялылығын қамтамасыз етуге міндетті. Логин мен құпиясөз арқылы БЖ-да орындалған барлық әрекеттерді Пайдаланушының өзі жасаған деп есептеледі. Орындаушы тіркеу деректерін үшінші тұлғалардың рұқсатсыз пайдалануы үшін жауапкершілік көтермейді.
4.6. Пайдаланушыға БЖ мен қызмет көрсету барысында қол жеткізілген өзге де ақпараттық материалдардың Орындаушының айрықша құқығына жататыны және Қазақстан Республикасының авторлық құқық және зияткерлік меншік туралы заңнамасымен қорғалатыны туралы хабарланған және ол осыны ескеруге міндетті.
4.7. Орындаушы қызмет көрсетуді барлық пайдаланушыларға немесе жекелеген Пайдаланушыларға технологиялық себептермен (техникалық жұмыстар, бағдарламалық және аппараттық қамтылымды жаңарту және т.б.), осы Шартта көзделген жағдайларда немесе Орындаушыға байланысты емес себептермен уақытша тоқтатуға құқылы.

5. ЕСЕП АЙЫРЫСУ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТАРДЫ БЕРУ ТӘРТІБІ
5.1. Пайдаланушы БЖ-ны пайдалану құқығы үшін лицензиялық сыйақыны Орындаушы белгілеген Тарифтер мен ұсынылған шоттардың негізінде төлейді.
5.2. Пайдаланушы Лицензия құнын Орындаушының Сайтында банк картасы арқылы не болмаса қолма-қол ақшасыз есеп айырысу жолымен Орындаушыға шотта көрсетілген сома көлемінде 100% мөлшерде аудару арқылы төлейді. Ақша қаражаттары түскеннен кейін Лицензиатқа БЖ-ны әрі қарай пайдалану мүмкіндігі туралы хабарлама электронды пошта арқылы жолданады.
5.3. Егер төлемге арналған шот, орындалған жұмыстар актілері, хабарламалар берілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде Пайдаланушыдан Орындаушыға Сайттан дистрибутивті жүктеу сілтемесі мен Лицензиялық кілттің берілмеуі туралы жазбаша шағым келіп түспесе, онда бұл Лицензия Пайдаланушыға толық көлемде берілді және қызметтер тиісінше көрсетілді деп танылады.
5.4. БЖ-ны пайдалану құқығына Лицензия төлемнен кейін берілетіндіктен, Пайдаланушы қандай да бір себептермен БЖ-ны пайдалануды тоқтатқан жағдайда төленген ақшалай қаражат қайтарылмайды. Пайдаланушы белсендірілген БЖ-ны пайдалануды кез келген уақытта тоқтата алады, бұл үшін кемінде 15 (он бес) күнтізбелік күн бұрын Орындаушыға жазбаша хабарлама жіберуі қажет.

6. ЖЕКЕ ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАУҒА ЖӘНЕ ӨҢДЕУГЕ КЕЛІСІМ
6.1. Жеке деректерді Жинауға және Өңдеуге байланысты қатынастарды реттейтін заңнамаға сәйкес, Пайдаланушы Акцепт жасаған кезде осы Шарт-Офертамен белгіленген тәртіпте, Пайдаланушы Орындаушыға өзінің Жеке деректерін осы Шарт-Офертамен көзделген мақсаттарда және Орындаушының қалауы бойынша, соның ішінде жалпыға қолжетімді дереккөздерде, қолданыстағы заңнамаға қайшы келмейтін тәсілдермен Жинауға, Өңдеуге және қажет болған жағдайда трансшекаралық беруге сөзсіз келісім береді. Бұл келісім Пайдаланушы мен Орындаушы арасындағы бар немесе болашақта туындайтын азаматтық-құқықтық және (немесе) өзге де құқықтық қатынастарға байланысты беріледі. Орындаушы жеке деректерді иесіздендіргеннен кейін оларды статистикалық, ғылыми және зерттеу мақсатында пайдалануға құқылы.
6.2. Пайдаланушының Жеке деректері ретінде Тараптар Пайдаланушыға қатысты төмендегі, болашақта өзгертілуі және (немесе) толықтырылуы мүмкін мәліметтерді таниды. Бұл мәліметтер электрондық, қағаз және (немесе) басқа да материалдық тасымалдағыштарда тіркелген болуы мүмкін және мыналарды қамтиды (бірақ олармен шектелмейді): тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), ЖСН, туған күні, жынысы, ұялы телефон нөмірлері, электрондық пошта мекенжайлары, орналасқан жері, локациялары, филиалдары және қызмет саласы, заңды тұлға туралы мәліметтер (атауы, БСН, банк реквизиттері, қаржылық көрсеткіштері, айналымдары, маржиналдылығы, үстемесі, тауар қорларының қалдықтары, сату тарихы, клиенттік базасы және т.б.).
6.3. Пайдаланушы Орындаушыға Жеке деректерді ашық байланыс арналары арқылы беру кезінде оларды бөгде тұлғалардың заңсыз алу қаупін және соған байланысты салдарды түсінеді және өз мойнына алады. Ашық байланыс арналары арқылы жіберілген Жеке деректерді үшінші тұлғалардың рұқсатсыз алуы жағдайында Орындаушы жауапкершілікке тартылмайды.

7. ТАРАПТАРДЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ
7.1. Пайдаланушылар БЖ-ны пайдалануына, БЖ арқылы ақпарат орналастыруына және құруына, сондай-ақ өз қызметкерлері және/немесе үшінші тұлғалар тарапынан БЖ-ның сақталуы мен қолданылуына байланысты өз әрекеттері үшін жауапты болады.
7.2. Орындаушы Пайдаланушы тарапынан БЖ-ны пайдалану ережелерінің бұзылуы үшін жауап бермейді және өз қалауы бойынша Пайдаланушының БЖ-ға арналған лицензиясын қайтарып алуға, Пайдаланушының БЖ-дағы кез келген бөлімдер мен сервистерге қол жеткізуін уақытша тоқтатуға, шектеуге немесе толығымен тоқтатуға құқылы, егер мұндай Пайдаланушы Орындаушының субъективті пікірі бойынша БЖ пайдалану ережелерін бұзса немесе БЖ, басқа Пайдаланушылар, Мамандар немесе үшінші тұлғалар үшін қауіп төндірсе, Пайдаланушының лицензиясын қайтарып алу БЖ-да орналастырылған барлық ақпараттың, сондай-ақ Пайдаланушы енгізген деректердің автоматты түрде жойылуын білдіреді. Лицензия қайтарылып алынғаннан кейін Пайдаланушы тіркелген Пайдаланушылар үшін қолжетімді БЖ-ны пайдалану құқығынан айырылады.
7.3. Орындаушы БЖ пайдалану ережелеріне сәйкес жүзеге асырылған ақпаратты уақытша бұғаттау және/немесе жою, не болмаса Пайдаланушының БЖ-ға лицензиясын қайтарып алу үшін жауапкершілікке тартылмайды.
7.4. Орындаушы БЖ жұмысындағы уақытша үзілістер мен ақаулар үшін және осы үзілістер нәтижесінде туындайтын ақпарат жоғалуы үшін жауап бермейді.
7.5. Егер осы Шарт бойынша міндеттемелердің толық немесе ішінара орындалмауы Шартқа қосылғаннан кейін туындаған және тарап ақылға қонымды шаралармен алдын ала болжай алмайтын немесе болдырта алмайтын төтенше оқиғалардың (уақиға) салдарынан болса, тараптар жауапкершіліктен босатылады. Мұндай еңсерілмейтін күш уақиғаларына мыналар жатады: карантиндік шектеулер (шаралар), өрт, су тасқыны және басқа да табиғи апаттар, соғыс қимылдары, жаппай тәртіпсіздіктер, террористік актілер және т.б.
7.6. Пайдаланушы осы Шартта көрсетілген мерзімдерде төлем жүргізбеген жағдайда, төлем жүргізілмеген сомадан күн сайын 0,5% мөлшерінде айыппұл төлейді. Егер төлем мерзімін бұзу 30 (отыз) күнтізбелік күннен асатын болса, Орындаушы Пайдаланушыны кемінде 5 (бес) күнтізбелік күн бұрын хабардар етіп осы Шартты біржақты тәртіпте бұзуға құқылы.
7.7. Осы Шарт бойынша Орындаушының жауапкершілік жиынтығы Пайдаланушы төлеген қызметтер құны көлеміндегі ақшалай сома мөлшерімен шектеледі.



8. ОРЫНДАУШЫНЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІН ШЕКТЕУ

8.1. Пайдаланушы БЖ-ны өз тәуекелімен қолданатынын толықтай түсінеді және растайды. Орындаушы, атап айтқанда, мынадай кепілдіктер бере алмайды:
- көрсетілетін қызмет(-тер) Пайдаланушының жеке талаптарына толықтай сәйкес келеді;
- қызмет(-тер) үзіліссіз, уақтылы, қауіпсіз және сенімді түрде көрсетіледі;
- қызметтерді пайдалану нәтижесінде алынған деректер дәл және сенімді болады;
- Орындаушыдан ауызша немесе жазбаша түрде алынған кез келген ұсыныстар немесе ақпарат Орындаушы тарапынан қандай да бір кепілдік ретінде қаралмайды және осы Шартта көзделген жауапкершілік шектеулерін өзгертпейді.
8.2. Пайдаланушы Орындаушы осы Шартты, өзінің қалауы бойынша, себептерді түсіндірмей-ақ немесе кез келген себеппен, Сайтта орналастыру арқылы өзгертуге құқылы екенін толықтай түсінеді және келіседі.
8.3. Пайдаланушы өзінің сәйкестендіру деректерінің сақталуына толықтай өзі жауапты екенін, сондай-ақ оларды жоғалту немесе рұқсатсыз кіру нәтижесінде туындайтын барлық залалдар үшін өзі жауап беретінін толықтай түсінеді және мойындайды. Пайдаланушы құпиясөзді үнемі өзгертіп отырудың қажеттілігін біледі. Орындаушы Пайдаланушының тіркеу/сәйкестендіру деректерін басқа пайдаланушылар немесе үшінші тұлғалар рұқсатсыз пайдаланғаны үшін жауапты емес және мұндай залалдар мен жіберіп алған пайданы өтемейді. Пайдаланушының қызметкерлері немесе тартылған үшінші тұлғалар жасаған барлық әрекеттер Пайдаланушының әрекеттері ретінде қарастырылады. Авторизацияланған тұлға атынан жасалған барлық әрекеттер үшін толық жауапкершілік Пайдаланушыға жүктеледі.
8.4. Орындаушы Пайдаланушының немесе үшінші тұлғалардың электронды құрылғыларына, мобильді құрылғыларына, кез келген басқа жабдыққа немесе бағдарламалық жасақтамаға БЖ-мен байланысты келтірілген кез келген залал үшін жауап бермейді.
8.5. Пайдаланушы Орындаушының интернет желісіндегі ресурстардың қолжетімділігі мен мазмұнын бақыламайтынын және оған байланысты туындауы мүмкін кез келген салдарға жауап бермейтінін толық түсініп, келіседі.

9. ДАУЛАРДЫ ШЕШУ ТӘРТІБІ
9.1. Дауларды сотқа дейін реттеу келіссөздер жүргізу және наразылықтар білдіру арқылы жүзеге асырылады, бірақ міндетті болып табылмайды.
9.2. Даулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Орындаушының орналасқан жері бойынша сот тәртібімен шешіледі.

10. ШАРТ - ОФЕРТАНЫ ӨЗГЕРТУ, БҰЗУ ТӘРТІБІ
10.1. Тараптар Шарт - Оферта бойынша хабарламалар мен (немесе) сұранымдарды төменде көрсетілген кез келген түрде алмасуға келісімге келді:
10.1.1. қағаз нұсқада жіберілетін жағдайда:
10.1.1.1. міндетті түрде тіркелетін пошта жөнелтілімімен (тапсырыс хатпен) пошта арқылы, немесе
10.1.1.2. жіберушінің хабарлама данасында алушының қолын қойғыза отырып, қолма-қол беру арқылы.
10.1.2. Қағаз нұсқаларын қолданбай, электрондық пошта арқылы хабарламалармен алмасу жолымен:
10.1.2.1. Орындаушы атынан Shopuchet.kz домендік аты бар электрондық мекенжайынан;
10.1.2.2. Пайдаланушы атынан – бағдарламалық жасақтамаға лицензиялық кілт үшін төлем жүргізу кезінде көрсетілген электрондық мекенжайынан.
10.1.3. Электрондық пошта арқылы жіберілетін хабарлама және (немесе) сұраным келесі мәліметтерді қамтуы тиіс:
10.1.3.1. хабарламаның тақырыбында (subject) — хабарламаның және (немесе) сұранымның тақырыбы,
10.1.3.2. хабарламаның мәтінінде – сұранымды қарауға қажет мәліметтер немесе ұсынылған хабарламаны түсінуге жеткілікті ақпарат. Тараптар жоғарыда көрсетілген форматтардан өзгеше электрондық мекенжайлардан жіберілген хаттар қарастырылмауы мүмкін дегенқосымша келісімге келді.
10.2. Тараптар Шарт-Офертаның, соның ішінде Қызметтерді көрсету шарттары мен тәртібін, Қызметтердің көлемін, санын және (немесе) жиынтығын, олардың құнын Орындаушы өз қалауымен өзгертуге және/немесе толықтыруға құқылы екендігіне келісім берді. Бұл жағдайда:
10.2.1. Мұндай өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы Пайдаланушыны хабардар ету кез келген жалпыға қолжетімді тәсілмен, соның ішінде Сайтта орналастыру арқылы жүзеге асырылады. Егер Пайдаланушы Шарт-Офертаға енгізілген өзгерістермен және (немесе) толықтырулармен келіспесе, онда ол бұл туралы Орындаушыға жазбаша түрде хабарлауы және (немесе) Қызметтерді пайдалануды тоқтатуы тиіс. Тараптар Пайдаланушы тарапынан мұндай жазбаша хабарламаның болмауын Орындаушы ұсынған Шарт-Офертаға енгізілген өзгерістермен және (немесе) толықтырулармен келісім ретінде қарастыруға келісті. Шарт-Оферта Орындаушының хабарламасында көрсетілген күннен бастап және сол хабарлама негізінде, Шарт-Офертаға қосымша келісімдерге қол қоймай-ақ, өзгертілген және (немесе) толықтырылған деп есептеледі;
10.2.2. Пайдаланушы Шарт-Офертаға қосылған сәттегі шарттарды сақтауға және қайта шығаруға мүмкіндік алу мақсатында, Акцептті Шарт-Офертада көзделген тәртіппен жасаған кезде, Орындаушы Пайдаланушыға осы Шарт-Офертаның мәтінін көшіріп, өз ЭЕМ-інде сақтау мүмкіндігін ұсынады;
10.2.3. Шарт-Офертаның қолданыстағы редакциясы Сайтта орналастырылады. ​
10.3. Орындаушы Пайдаланушы осы Шарттың талаптарын бұзған жағдайда Шартты біржақты тәртіппен бұзуға құқылы. Шарт Орындаушының хабарламасын жіберу сәтінен бастап бұзылған деп есептеледі.
10.4. Егер Шартты тоқтату немесе бұзу кезінде Пайдаланушы төлеген Қызметтер құны нақты көрсетілген Қызметтер құнынан асып кетсе, онда аталған сома арасындағы айырмашылық қайтарылуға жатпайды.
10.5. Егер Пайдаланушы өзінің логині мен паролін пайдаланып жеке кабинетінде 6 (алты) ай қатарынан ешқандай әрекет жасамаса және БЖ-ны пайдаланбаса, Орындаушы осы Шартты біржақты тәртіппен бұзу құқығын өзіне қалдырады, бұл туралы Пайдаланушыға хабарлама жібереді. Бұл ретте БЖ-ны пайдаланбау Пайдаланушыны Қызметтер үшін төлем жасау міндетінен босатпайды.
10.6. Осы Шарт бұзылған жағдайда Орындаушы Пайдаланушының деректерін жүктемейді және БЖ-ны пайдалану кезінде алынған жұмыстарының нәтижелерін Пайдаланушыға бермейді.

11. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
11.1. Шарт-Оферта, сондай-ақ Шарт-офертаны орындауға байланысты туындайтын барлық құқықтық қатынастар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес реттеледі және түсіндіріледі.
11.2. Шарт-Оферта Пайдаланушының оған қосылу сәтінен бастап, яғни Пайдаланушы Шарт-Офертада белгіленген тәртіппен Акцепт жасаған сәттен бастап күшіне енеді және Тараптар өздеріне алған міндеттемелерді толық орындағанға дейін әрекет етеді.
11.3. Осы Шартта реттелмеген барлық жағдайлар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларымен реттеледі.
11.4. Егер осы Шарттың қандай да бір ережесі қолданыстағы заңнаманың өзгеруіне немесе сот шешіміне байланысты жарамсыз деп танылса, бұл қалған ережелердің күшін жоймайды.




ОРЫНДАУШЫНЫҢ РЕКВИЗИТТЕРІ

ПАЙДАЛАНУШЫНЫҢ РЕКВИЗИТТЕРІ

«BEKSAR consulting» ЖШС
БСН: 210640040053
ЖСК/IBAN: KZ68601A871007152571
БСК/SWIFT: HSBKKZKX
БеК: 17
Астана қ., Достық даңғылы 5, тұрғын
емес үй-жай 105

Электрондық пошта: beksar.consulting@gmail.com


Тел. +7702 778-99-11